Балалар энциклопедиясы РОСМЭН
Данная серия книг представляет собой неисчерпаемый источник информации по различным отраслям научных знаний - биологии, анатомии, геологии, химии, физике, механике, астрономии, экологии. Она позволит юным эрудитам испытать радость познания, почувствовать интерес к научному поиску, открыть для себя бесконечное разнообразие окружающего мира.
Серия "Балалар энциклопедия РОСМЭН" издает только на государственном языке.
Су астындағы тіршілік[Мәтін].- М.: РОСМЭН, 2012. – 95 бет.: сурет. – (Балалар энциклопедиясы РОСМЭН) ISBN 978-5-353-06046-8 Бұл кітап жас оқырмандарды алып мұхиттар мен көк теңіздердің таңғажайып әлемімен таныстырады. Су астындағы тіршіліктің тұңғиық сырлары ашылады. Мұнда мекен ететін алып жыртқыш балықтардың түр-түрі тағы да басқа жәндіктер туралы танымдық деректердің қызықтырары сөзсіз.
Динозаврлар [Мәтін].- М.: РОСМЭН, 2012. – 95 бет.: сурет. – (Балалар энциклопедиясы РОСМЭН) ISBN 978-5-353-06047-5 Кітап жас оқырмандарды шамамен осыдан 165 млн. жыл бұрын тіршілік еткен динозаврлар әлемімен таныстырады. Мезозей дәуіріндегі таңғажайып жануарлар жайлы қызықты деректерге куә боласыз.
Техника [Мәтін].- М.: РОСМЭН, 2012. – 95 бет.: сурет. – (Балалар энциклопедиясы РОСМЭН) ISBN 978-5-353-06042-0 Бұл кітап жас оқырманды техника әлемімен таныстырады. Техниканың жалпы шығу тарихы, даму кезеңіндегі пайда болған түрлі тікұшақтар мен кемелер, әскери техникалар, автокөліктер мен ғарыштық зымырандар жайлы деректер қызықты баяндалады. Кітап әйгілі сүретшілердің салған сүреттерімен көркемделген.
Жәндіктер[Мәтін].- М.: РОСМЭН, 2012. – 95 бет.: сурет. – (Балалар энциклопедиясы РОСМЭН) ISBN 978-5-353-06039-0 Бұл кітапта жер бетіндегі жәндіктер жайлы айтылады. Бүгінде олардың ғылыми дәлелдемелермен зерттелген түрлері сан миллион. Олар барлық жерде: топырақта, суда, әуеде көптеп кездеседі. Олардың қым-қуыт тіршілігі, табиғатқа, адамзатқа келтірер пайдасы мен зияны кеңінен әңгімеленеді.
Әлем халықтары[Мәтін].- М.: РОСМЭН, 2012. – 95 бет.: сурет. – (Балалар энциклопедиясы РОСМЭН) ISBN 978-5-353-06038-3 Бұл кітапта әлемдегі халықтар жайлы айтылапды. Олардың мекен еткен жерлері мен әдет-ғұрыптары, тіл, діндері әнгімеленеді. Сахара шөліндегі көшпенділердің, мәңғі мұз басып жатқан Арктика маңында тұратын ел тіршілігі жайлы қызықты мағлумат баяндалады.
Адам [Мәтін].- М.: РОСМЭН, 2012. – 95 бет.: сурет. – (Балалар энциклопедиясы РОСМЭН) ISBN 978-5-353-06043-7 Бұл кітап жас оқырмандарды адамның ағза мүшелерімен таныстырады. Адамның ішкі органдары мен сезім мүшелері жайлы, олардың жылдар ағысындағы жұмыс істеу өзгерістері жайлы білетін болады.
Әпсаналар[Мәтін].- М.: РОСМЭН, 2012. – 95 бет.: сурет. – (Балалар энциклопедиясы РОСМЭН) ISBN 978-5-353-06045-1 Кітап жас оқырманды түрлі халықтардың әпсаналарымен таныстырады. Ежелгі Египет, көне Грекия, орта ғасырлық шығыс Еуропа елдерінің аңызға айналған тарихынан сыр шертіледі. Ежелгі құдайлар, әруақтар мен ертегі кейіпкерлері жалмауыз кемпір мен Одиссей, Геракл жайындағы аңыздар қызықты баяндалады.
Елдер мен құрлықтар [Мәтін].- М.: РОСМЭН, 2012. – 95 бет.: сурет. – (Балалар энциклопедиясы РОСМЭН) ISBN 978-5-353-06041-3 Аталмыш кітап ғаламшарымыздың барлық елдері мен қурлықтары жайлы баяндайды. Елдімекендердің географиялық орналасуы мен табиғаты, онда тұратын халықтар тіршілігімен таныстарады.
Әлемдік тарих [Мәтін].- М.: РОСМЭН, 2012. – 95 бет.: сурет. – (Балалар энциклопедиясы РОСМЭН) ISBN 978-5-353-06037-6 Бұл кітап жас оқырмандарды жиырма бірінші ғасырға дейінгі өмір сүрген халықтардың тарихи кезеңімен таныстырады. Біздің заманымызға дейінгі адамзат ғумырындағы ежелгі әлем мен ортағасыр тіршілігінің маңызды деректерің қызықты баяндайды.