Балаларға арналған танымдық энциклопедия
Энциклопедиялар көркем суреттермен безендіріліп, қызықты деректер балаларға түсінікті және жеңіл тілде жазылған. Әр энциклопедия балалардың әр нәрсені білуге деген әуесқойлығын қанағаттандырып қана қоймай, табиғат құбылыстарының құпияларын жете түсіндіріп береді. Әлемдегі құбылыстар, жер бетіндегі тіршілік иелері – жануарлар, жәндіктер, ерте заманда тіршілік еткен динозаврлар жайындағы, сондай-ақ жер-жаһанның жаратылыс тарихы, адамзат тарихы мен адамзат жеткен жетістіктер туралы мәліметтер балаларды қызықтыратыны анық.
Энциклопедии серии «Балаларға арналған танымдық энциклопедия» дадут исчерпывающую информацию и окажут неоценимую помощь юному читателю в расширении кругозора, приоткроют завесу тайны в увлекательный мир знаний. Прочитав книги этой серии, наши дети с удовольствием узнают об удивительных явлениях природы, окунуться в мир техники и прогресса, культуры и искусства, также в них подробно даются сведения о флоре и фауне Земли и многое другое.
Адамзат тарихының шежіресі [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 84 бет. – (Балаларға арналған танымдық энциклопедиясы)
ISBN 978-9965-26-578-5
Жер бетінде саналы адамдар 40 мың жыл бұрын пайда болды. Шамамен 10 мың жыл бұрын олар дән егуді, аң аулауды және қоғамның бір мүшесі болып өмір сүруді үйренді. Адам баласының қалыптасуы ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі, яғни алғашқы адамдар қазіргі адамдардан өзгешелеу болды. Олардың сана-сезі мі бірте-бірте ке мел дене түсті.
Сол кезде жер бетінде бар-жоғы 6 миллионға жуық адам тіршілік еткен екен. Ал қазір дүниежүзіндегі халық саны – 6,9 миллиард шамасында. Өркениет пайда болғанша аң аулап күнелткен адамдар бүгінде Айға емін-еркін ұшып келетін дәрежеге жетті.
Жануарлар әлемі [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 80 бет. – (Балаларға арналған танымдық энциклопедиясы)
ISBN 978-9965-26-532-7
Жануарлар – жүруге және сезінуге бейім тіршілік иелері. Олардың дамуы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім және жыныс органдары жақсы жетілген. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор. Олар азық-түлік, ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшық сияқты әртүрлі өнеркәсіп шикізатын береді. Жануарлар дүниесі сүтқоректілерден, құстардан, балықтар мен омыртқасыздардан, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардан және т.б. түрлерден тұрады.
Өсімдіктер әлемі [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 80 бет. – (Балаларға арналған танымдық энциклопедиясы)
ISBN 978-9965-26-547-1
Гүлдер мен гүлдейтін өсімдіктер – табиғат-тың аса маңызды бөлігін құрайды. Олар қоршаған ортаға әдемі рең береді. Әсемдік элементі болуымен қатар, гүлдер көптеген рәсімдерге пайдаланылады.
Өсімдіктерді Жер шарының барлық түкпірінен: теңіз тұңғиығынан, биік таулардан, жазиралы даладан, шөлдерден, тіпті үнемі үскірік аяз соғып тұратын Солтүстік полюстен де кездестіруге болады. Өсімдіктер жануарлардан бұрын пайда болған. Жер бетіндегі тіршілік өсімдіктерге тікелей тәуелді. Олар күн сәулесінен алған қуатты қорекке айналдырып, адамдар мен жануарларға азық болады. Бүкіл тіршілік атаулының тыныс алуына қажетті таза ауаны да өсімдіктер бөліп шығарады.
География аймақтары [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 88 бет. – (Балаларға арналған танымдық энциклопедиясы)
ISBN 978-9965-26-549-5
Халқымызда «Іздеген – жетер мұратқа» деген дана сөз бар, яғниәр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау – адамды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады. Дүниеде балалар түсіне бермейтін жайттар көп-ақ. Өмірді жете танып, бәрін білгісі кедетін олар: «Ол кім?», «Бұл не?», «Неліктен?», «Қайда?», «Қашан?» - деген тәрізді сұрақтарға жауап іздеп, тыным таппайды. Олардың осылайша ізденімпаздық танытуы – табиғи заңдылық.
Осы орайда, балаларға бағып-бағдар сілтейтін түрлі танымдық әдебиеттердіңкөмегі аса зор екендігін ескере келе, кішкентай оқырмандардың білуге деген құштарлығын қанағаттандыру үшін «Аруна» баспасы «Балаларға арналған танымдық энциклопедия» топтамасын ұсынып отыр. Сан алуан тақырыпты қамтитын энциклопедиялар балалардың жн-жақты кемелденіп, білімін тереңдете түсуіне, өзі өмір сүріп отырған ортаның қыр-сырын тануға, алыс-алыс өлкелерге қиялында саяхаттауға көп көмеген тигізеді деп сенеміз.
Адам [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 88 бет. – (Балаларға арналған танымдық энциклопедиясы)
ISBN 978-9965-26-602-7
Гүлдер мен гүлдейтін өсімдіктер – табиғат-тың аса маңызды бөлігін құрайды. Олар қоршаған ортаға әдемі рең береді. Әсемдік элементі болуымен қатар, гүлдер көптеген рәсімдерге пайдаланылады.
Өсімдіктерді Жер шарының барлық түкпірінен: теңіз тұңғиығынан, биік таулардан, жазиралы даладан, шөлдерден, тіпті үнемі үскірік аяз соғып тұратын Солтүстік полюстен де кездестіруге болады. Өсімдіктер жануарлардан бұрын пайда болған. Жер бетіндегі тіршілік өсімдіктерге тікелей тәуелді. Олар күн сәулесінен алған қуатты қорекке айналдырып, адамдар мен жануарларға азық болады. Бүкіл тіршілік атаулының тыныс алуына қажетті таза ауаны да өсімдіктер бөліп шығарады.
Халықтар мәдениеті [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 80 бет. – (Балаларға арналған танымдық энциклопедиясы)
ISBN 978-9965-26-603-4
Бұл кітапта кескіндеме және мүсін өнері, музыка, драма және би өнерінің дамуы мен тарихы, адам мен табиғат жаратқан кереметтер туралы кеңінен сөз болады.
Заманауи жетістіктер [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 88 бет. – (Балаларға арналған танымдық энциклопедиясы)
ISBN 978-9965-26-605-8
Есте жоқ ерте замандардан бері адамдар барынша жайлы, жақсы өмір сүруге ұмтылып келеді. Бізге дейін өмір сүрген адамдар күнделікті тірлікті жеңілдету үшін сан-алуан әдістер мен амалдарды ойлап тапты. Басында көшіп-қонып жүр се, біртіндеп ауыл шаруашылығымен айналысып, отырықшылыққа үйренді. Қағаз пайда болғанға дейін адамдар жапыраққа хат жазатын. Адамдардың өз тірлігін жеңілдетуге деген құлшынысы көптеген өнертабыстарды ашуға итермеледі. Осылайша дәрі-дәрмектер, автокөліктер, сымсыз жүйелер, ұшақтар, компьютерлер, т.б. тың дүниелер өмірге келді. Бұл өнертабыстар қазір өмірімізден өз орнын тауып, адамзат игілігі үшін қызмет етіп келеді.
Ежелгі дүние жаршылары [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 88 бет. – (Балаларға арналған танымдық энциклопедиясы)
ISBN 978-9965-26-548-8
Адамзат тарихы мен мәдениетінде ежелгі дәуірлерге жататын таңғажайып дүниелер бар. Олардың бүгінгі күнге дейін бүлінбей жеткендері баға жетпес байлығымыз саналады.
Соның бірі – қазындылар мен қазба қалдықтар. Қазындылар өсімдіктер мен жануарлардың тарихы туралы егжей-тегжейлі мәлімет береді. Оларға өсімдіктердің қазба қалдықтары мен омыртқалары, омыртқасыз жануарлардың сүйектерінен бастап, қазып, аршып алынған кез келген бөліктері немесе іздері кіреді.
Жер-жаһанға саяхат [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 88 бет. – (Балаларға арналған танымдық энциклопедиясы)
ISBN 978-9965-26-577-8
Саяхаттау дегеніміз – көрмегенді көру, зерт-телмегенді зерттеу, белгісіздің сырын ашу. Білуге деген құштарлық пен қызыққа әуестік адам баласының бұрын болмаған жерлерге баруына түрткі болды. Мұндай сапарларға алдымен батыл жиһанкездер мен саудагерлер аттанды.
Танымал жерлер [Мәтін] / ауд.: Д.Жазылбеков.- Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – (Балалараға арналған танымдық энциклопедия)
ISBN 9965-26-444-9
ISBN 9965-26-435-Х
Жаратушының шеберлігінде шек жоқ. Ол әлемді өте дәлдікпен жаратқан. Әрбір тіршілік иесінің немесе заттың атқарар рөлі бар. Табиғаттың сұлулығын бақылаудың өзі - үлкен қуаныш. Адамзаттың ұлы жетістіктерін құпия, шытырман және жұмбақ нәрселер қоршап жатыр.
О бастан бар табиғаттың көрікті жерлері мен адамдар өз қолдарымен жасаған керемет сәулет өнері және ескерткіштері бүгінгі ұрпаққа баға жетпес мұра болып қалды.
Сондай танымал жерлердің қатарында Стоунхендж, мәнгілік ақ түсті Тәж-Махал, шексіз тыныштық орнаған Пирамидалар бар.
Таулар [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – (Балалараға арналған танымдық энциклопедия)
ISBN 9965-26-440-6
ISBN 9965-26-435-Х
Таулар - табиғаттың ғажайып кереметтерінің бірі. Жазық жерде тұратын адамдар үшін таулар ештеңеге ұқсамайтын ерекше бір әлем. Таудың пайда болу тарихы да, оны құрайтын жыныс та, өзгеше ауасы да, әр 1000 метр биіктеген сайын алмасып отыратын түрлі климаттық белдеулері де - тылсым құдіреттің таусылмас жұмбағы.
Әлем кереметтері [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – (Балалараға арналған танымдық энциклопедия)
ISBN 9965-26-443-0
ISBN 9965-26-435-Х
Келушілерді өзінің сұлулығы, сәулеті және құрылу кезіндегі маңыздылығымен таң қалдыратын әлемдегі ғимараттар мен құрылыстар ғажайып кереметтер қатарын құрайды. Кереметтер бірнеше түрге бөлінеді: ғажап мүсіндер мен ғимараттар, ежелгі қирандылар мен су астында қалғандар. Сөйкесінше, оларды ежелгі кереметтер, көркемөнер кереметері, сәулет кереметтері, құрылыс кереметтері, су астындағы өмір кереметтері, заманауи кереметер және т.б. деп бөледі. Бұл ғажайыптар келушілерді таң қалдырып, керемет әсерге бөлейді.
Бұл кітаптан адам мен табиғат жаратқан кереметтерді көріп, дүние жүзіне қызықты саяхат жасауға болады.
Поляр аймақтары [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – (Балалараға арналған танымдық энциклопедия)
ISBN 9965-26-442-2
ISBN 9965-26-435-Х
Жер ғаламшарының солтүстік және оңтүстік шеті - Поляр аймақтары болып табылады.
Өңменіңнен өтетін ызғар жел, тоңы сірескен жер, мұздықтар мен тіршілік иесі некен-саяқ ұшырасатын аралдар, бұл - екі полюске де ортақ табиғат көрінісі. Солтүстік полюс - Арктика, ал оңтүстік полюс - Антарктика деп аталады.
Ұлы өнертабыстар [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – (Балалараға арналған танымдық энциклопедия)
ISBN 9965-26-447-3
ISBN 9965-26-435-Х
Жер бетіндегі адамзат ғұмыры сан-алуан оқиғаларға толы. Көне дәуірден осы заманға дейін адамдар көптеген өзгерістерді бастан кешірді. Бізге дейін өмір сүрген адамдар күнделікті тірлікті жеңілдету үшін түрлі әдістер мен амалдарды ойлап тапты. Өнертабыстар күннен күнге көбейе түсті. Бір затты жасаудың жаңа жолын ұсынуды "өнертабыс" деп атаймыз.
Жануарлар [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – (Балалараға арналған танымдық энциклопедия)
ISBN 9965-26-446-5
ISBN 9965-26-435-Х
Көліктер [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – (Балалараға арналған танымдық энциклопедия)
ISBN 9965-26-439-2
ISBN 9965-26-435-Х
Жануарлар - жер бетінде 0,8 миллиард жыл бұрын пайда болған тірі ағзалар. Қазір олардың 1,6 миллиондай түрі бар. Суда тіршілік ететін моллюскалар, губкалар, балықтар, құрлықтағы қасқырлар мен аюлар, кесірткелер мен тасбақалар, көкте қалықтаған құстар, топырақ астындағы құрт-құмырсқалар, түрлі бактериялар - осылардың бәрі жануарлар әлеміне жатады.
Қарапайым тілмен айтқанда, "Көлік" деп жолаушыны, тауарды және басқа нәрселерді бір жерден екінші жерге тасымалдайтын, жеткізетін құралды атаймыз. Былайша айтқанда, қара жолмен, темір жолмен, су және әуе жолдарымен жүруге арналған құрал түрлерінің бәрі көлік болып саналады.
Осыдан, шамамен 175 жыл бұрын ең жылдам көлік түрі - кәдімгі ат болатын. Сосын велосипед пайда болды. Жылдамдығы тым күшті болмағанымен, ол жайлы көлік еді. 1885 жылдары мотоцикл пайда болды. Ол бензиннің арқасында жүретін. Бұдан кейінгі жаңалық машинаға кезек берді.
Музыка, би, драма [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – (Балалараға арналған танымдық энциклопедия)
ISBN 9965-26-445-7
ISBN 9965-26-435-Х
Адамдар өркениетке жаңадан ұмтыла бастаған кездерде-ақ өнерді айрықша бағалап, жан-дүниелерімен түсінген. Өзге өнер түрлеріне қарағанда, музыка ерте дамады. Себебі, ырғақ пен әуен - адамның ішкі түйсігінен туындайтын табиғи өнер. Сондықтан сезімтал, әсершіл жандар музыканы жүрекпен сезініп, көкейінде жүрген әуенді сыртқа шығаруға асығады.
Музыканың ырғағы биге жетелеп, денені түрлі қимыл-қозғалысқа бейімдейді, осылайша би қадамдары дүниеге келді.
Би, драма және музыка адамның сезімі мен эмоциясын бейнелейді. Адам шаршаған кезде музыка тындап, билеп немесе драманы тамашалап тынығады, рухани ләззат алады. Қоғамдағы адамдардың даму деңгейін, өркениетін музыкасы мен биіне, драмасына қарап та аңғаруға болады.
Мұхиттар мен өзендер [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – (Балалараға арналған танымдық энциклопедия)
ISBN 9965-26-441-4
ISBN 9965-26-435-Х
Өзендер мен мұхиттар қоршаған ортаға ерте заманнан зор ықпал етіп келеді.
Мұхит - неше түрлі кереметтер мен жұмбақтарға толы үлкен су коймасы. Оның суынан адам өзіне азық пен бағалы минералдар алады. Ғалымдар адам ағзасына қажетті протеиннің 10%-ы мұхит суынан алынатынын есептеді.
Өзендер - геологиялық тұрғыдан да, биологиялық, тарихи және мәдени тұрғыдан да жер бетіндегі барлық өркениеттердің бесігі. Топырағы өте құнарлы болғандықтан, бүкіл адамзатқа керекті азық, негізінен, өзен алқаптарында өседі.
Көркем-сурет туындылары мен мүсіндер [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – (Балалараға арналған танымдық энциклопедия)
ISBN 9965-26-438-4
ISBN 9965-26-435-Х
Тас ғасырында үңгірге салынған суреттерден бастап бүгінгі алып мүсіндерге дейінгі өнер түрлері - адамзат өркениетінің бір бөлігі. Өнер көп технологиялық өзгерістерге ұшырады, тіпті алғашқы шеберлердің үңгір қабырғаларынасурет салғанын, ал сурет салуға және мүсін жасауға тас, ағаш, саз, қауырсын, теңіз бақалшақтары секілді заттарды пайдаланғанын көз алдымызға елестетудің өзі қиын.
Мумиялар мен пирамидалар [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – (Балалараға арналған танымдық энциклопедия)
ISBN 9965-26-451-1
ISBN 9965-26-435-Х
Көпшілігіміз мысырлық мумияны дәкеге оралып, пирамидалардың терең түкпіріне жерленген сияқты елестетеміз. Мысыр пирамидалары өте әйгілі болғанымен, мумиялар дүние жүзінің түкпір-түкпірінен табылған.
Мысырлықтар үшін ұзаққа созылатын, қайтыс болған адамды жерлеу рәсімі, соның ішінде мумиялау ерекше маңызға ие болды. Бұл олардың "қайтыс болған адам о дүниеде жақсы өмір сүреді" деген сенімінен туса керек.
Жер [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – (Балалараға арналған танымдық энциклопедия)
ISBN 9965-26-453-8
ISBN 9965-26-435-Х
Жер - қатты, сұйық заттар мен газдардан тұратын алып шар. Ол ғарышта Күнді айналып қозғалады. Жер - өмір сүруге болатын жалғыз ғаламшар. Жерде Күннің жылуы мен жарығының арқасында ғана өмір сүріп отырмыз. Жердің орасан зор бөлігін су алып жатыр. Ал "Атмосфера" деп аталатын ауа қабаты Жерді қоршап тұр. Жер өз осін әрбір 23 сағат 56 минутта, ал Күнді 365 күн 6 сағатта айналып шығады. Ол Күнге жақын үшінші ғаламшар және одан 14,5 миллион км қашықтықта орналасқан.
Құстар [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – (Балалараға арналған танымдық энциклопедия)
ISBN 9965-26-454-6
ISBN 9965-26-435-Х
ұс - қанаты, қауырсыны, тұмсығы бар, тісі жоқ, іші қуыс мықты сүйектері бір-бірімен жіксіз тұтасатын, тыныс алу жүйесі өте тиімді жұмыс істейтін, бұлшық еттері жақсы дамыған, жылықанды, омыртқалы жануар. Құстарды мекен ететін орындарына қарай орман, дала, джунгли, балшық, су құстары деп бөледі. Құстар ұшатын және ұшпайтын құстар боп жіктеледі. Пингвин, тауық, түйеқұс тәрізді ұшпайтын құстардың төсі қырсыз жалпақ. Ал қарлығаш, сандуғаш, қыран сияқты ұшатын құстардың төсі қырлы болады.
Шөлдер [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – (Балалараға арналған танымдық энциклопедия)
ISBN 9965-26-437-6
ISBN 9965-26-435-Х
Шөл дала дегеніміз - барлық жерін кішкене, ерекше өсімдіктер басқан және түйелер мен құмы бар, суы жоқ құрғақ жер. Шөл далаларда бағалы минералды шикізат бар, олар сусыз ортада пайда болған немесе жер қыртысы мүжілген кезде ашылып қалған. Шөл далалар құрғақ болғандықтан, адамдардың қазба жұмыстары мен қазба байлықтарын сақтауға арналған таптырмайтын жер болып келеді. Шөл далаларда күндіз, жалпы алғанда, өте ыстық температура болады. Шөл далалардаргы өсімдік әлемі өте төмен ылғалдылыққа бейімделген.
Сүтқоректілер [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – (Балалараға арналған танымдық энциклопедия)
ISBN 9965-26-450-3
ISBN 9965-26-435-Х
Сүтқоректілердің шығу тегі туралы сан ойлар әркімді мазалауы мүмкін. Балалар ғана емес, ересектердің өзі жер бетінде өмір сүретін сүтқоректілердің алуан түрлілігіне таң қалады.
Жабайы арыстандар мен пілдерден бастап, үй мысықтары мен адал иттерге дейін сүтқоректілердің басқа санаттарына жолбарыстар, арыстандар, кенгурулар, маймылдар, жылқылар, гориллалар, аюлар, сиырлар, дельфиндер, т.б. кіреді.
Фестивальдар [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – (Балалараға арналған танымдық энциклопедия)
ISBN 9965-26-455-4
ISBN 9965-26-435-Х
Фестиваль деп - бір адамның немесе бір топтың, ұйымның, бірлестіктің бастамасымен өткізілетін мәдени оқиғалардың, мерекелердің немесе ойын-сауық кештерінің бағдарламасын айтамыз. Концерттер, карнавалдар немесе цирк өнері де кейде фестиваль деген ұғымға сыйып кетеді. Фестивальдың өту сипатына қарай онда көрсетілетін ойын-сауық түрлері мен мерекелік шаралар да әртүрлі болады.
Теңіз жануарлары [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – (Балалараға арналған танымдық энциклопедия)
ISBN 9965-26-436-8
ISBN 9965-26-435-Х
Теңіз жануарлары немесе су жануарлары мұхиттың, теңіздің және өзен-көлдің тұңғиық терең жерлерін мекен етеді. Олар өзенде, көлде, тоғанда, тіпті, өзіңнің аквариумында да тіршілік ете алады! Су жануарының ең көп тараған түрі - балық.
Бүкіл өмірін теңізде немесе теңіз маңында өткізетін мақұлықтар "Теңіз жануарлары" деп аталады. Дельфин, кит, итбалық, теңіз сиыры, теңіз кәмшаты және ақ аю да теңіз жануарының көп таралған түрлері саналады. Су астында мекендейтін 20 мыңнан астам тіршілік иесі бар. Олар бір-бірінен пішіні, көлемі және түртүсі жағынан ерекшеленеді.
Әлем халықтары [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – (Балалараға арналған танымдық энциклопедия)
ISBN 9965-26-448-1
ISBN 9965-26-435-Х
Жер бетінде саналы адамдар 40 мың жыл бұрын пайда болды. Шамамен 10 мың жыл бұрын олар дән егуді, аң аулауды және қоғамның бір мүшесі болып өмір сүруді үйренді.
Сол кезде әлемде тек 6 миллион адам ғана тіршілік ететін. Қазіргі кезде жер шарындағы халық саны 6,9 миллиард шамасында. Өркениет пайда болғанша аң аулап күнелткен адамдар бүгінде Айға емін-еркін ұшып келетін дәрежеге жетті.
Ормандар [Мәтін].- Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – (Балалараға арналған танымдық энциклопедия)
ISBN 9965-26-449-Х
ISBN 9965-26-435-Х
Орман дегеніміз - жерді қорғап тұратын әрі сансыз көп тіршілік формаларына көмектесетін, негізінен ағаштардантұратын кешенді экожүйе болып табылады. Ағаштар орманда өмір сүретін өсімдіктер мен ағаштардың түр-түріне ықпалын тигізетін ерекше орта жасауға көмектеседі. Олар қоршаған ортаның маңызды бөлігі болып табылады. Ормандар ауаны тазартады, оны ыстық күнде салқындатады, түнде ыстықты бәсеңдетеді әрі шуды тамаша сіңіріп алады.